Қажетті құжаттарды дер кезінде рәсімдемеген басшылар сөгіс алды
Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлерге дер кезінде өтемақы төлемеген басшылар үшін арнайы жиналыс өтті. Жиында медициналық қызметкерлер арасында вирус жұқтыру жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерге ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қажетті құжаттарды кешіктіру немесе дұрыс ресімдемеу жағдайлары әлі де бар. Осыған байланысты Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров осындай дұрыс істелмеген жұмыстары үшін сегіз медицина мекемесінің басшыларына ескерту жасады», - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасына пандемиямен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелердің қызметкерлеріне тиесілі барлық төлемдерді толық жүзеге асыру үшін тиісті құжаттарды рәсімдеу тапсырылды.
Айта кету керек, ай сайын нақты жұмыс істеген сағаттар бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне қауіп топтары бойынша үстемеақылар төленеді. Алматы қаласы бойынша COVID-19-ға қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған ұйымдардың қызметкерлеріне үстемақы төлеуге арналған сома осы жылдың наурыз айынан бастап 6 ай ішінде 11 млрд теңгеден астам соманы құрады.