Бағдарлама жергілікті халықтың әлеуетін арттыруға бағытталған
Алматы қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Жобаны көпшілікке ұсынған партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бүгін Алматыға арнайы келген. Ол бағдарлама Елбасының 5 институционалдық реформасын ескере отырып, «Алматы-2050» Даму стратегиясы негізінде əзірленді деп мәлімдеді.
«COVID-19 пандемиясы, ұзаққа созылған карантин мен шектеу шаралары ел өңірлерінің, соның ішінде Алматының да дамуына қатер төндіргені шындық. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы мегаполис экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бар күшін салады, сондай-ақ шаһарды 2 миллион алматылық үшін қауіпсіз əрі жайлы қала ретінде дамытуға ниетті», - деді Б.Байбек.
Партия жетекшісінің бірінші орынбасары осы күнге дейін айтылған құндылықтардың өзгеріссіз қала беретінін айтты.
«Сіздер бізге үлкен үміт артып отырсыздар, ал біз партияішілік ашық сайлауды – праймеризді өткізуді қолға алып отырмыз. Бұл белсенді, ел ертеңіне бей-жай қарай алмайтын азаматтарды өкілетті жəне заң шығарушы органдарға жылжытудың нақты тетігі болып табылады. Біз тек біріксек қана жақсы нəтижелерге қол жеткізе аламыз», - деді ол.
«Nur Otan» партиясының Алматыдағы сайлауалды бағдарламасы нені көздейді?
ЖАҒДАЙДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР
«COVID-19 пандемиясы біздің еліміздегі экономикалық жағдайға кері əсер етті. Алматыда шағын жəне орта бизнестің көптеген кəсіпорындары, сауда, қызмет көрсету жəне туризм саласы коронакризистің соққысына ұшырады. Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет салықтық ынталандыру, несиелеуді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, өндірісті, кəсіпкерлікті қолдау жəне жұмыспен қамтылуды сақтау жөнінде бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады», - деді Б.Байбек.
Атап айтқанда, төтенше жағдай мен карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты табысынан айрылғандар саны 500 мың адамнан асты. Олар 42 500 теңгеден алды (наурызда – 371,1 мың, сəуірде – 70,6 мың, шілдеде/тамызда –63,5 мың.) Халықтың əлеуметтік осал топтарына жататын 245,5 мың адамға əлеуметтік көмек көрсетілді. Одан тыс 53,6 мың адам аудандық əкімдіктер, «Nur Otan» партиясы жəне «Жаңа Алатау» ҚҚ арқылы азық-түлік және тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етілді, дейді Партия өкілдері.
Ал, Елбасы бастамашы болған «Biz birgemiz» акциясы барысында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 52 мыңнан астам отбасына 50 000 теңгеден азық-түлік себеттерін жеткізді.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай 203 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн.теңгеден, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 4 мың адамға 100 мың теңгеден, 14 мыңнан астам тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден төленді.
КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ
Саяси ұйым дағдарыс жағдайында шағын жəне орта бизнеске де қолдау көрсетілгенін еске салады. Биыл 15,9 млрд. теңге мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде Бизнестің жол картасы – 2025, АӨК, Еңбек жəне 60 жаңа бизнес-жоба құру үшін бөлінді. Өңірлік бағдарламаларды (Жұмыспен қамтудың жол картасы, Almaty Business – 2025) іске асыруға 116,2 млрд. теңге жұмсалса, Сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлері мен базарларда шамамен 26 мың кəсіпкер үшін ғимараттарды жалдау ақысын есептеу тоқтатылған.
Сондай-ақ, зардап шеккен жеке кəсіпкерлер, қаланың шағын жəне орта бизнес өкілдері үшін несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру енгізілді. Құрылыс секторында облигациялар шығару есебінен 13 888 адамға арналған 3 472 пəтер салуға 50 млрд.теңге қарастырылған.
АЛМАТЫНЫҢ ДАМУ ДРАЙВЕРЛЕРІ
Алматының даму драйверлерінің 12 басым бағыты қандай? Олар:
Қаланы дамытудың бұл басым бағыттары «Nur Otan» партиясының болашақ жұмысының жоспарымен үндеседі. «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай Алматы қаласын экономикасы қарқынды дамып, халықтың жоғары өмір сүру сапасына қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалған Қазақстанның іскерлік, зияткерлік жəне мəдени орталығына айналдыру міндетін қойып отыр, деді партия функционері.
«Nur Otan» партиясы 4,5 трлн.теңгеге 114 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға күш салады,
Негізгі 12 бағыт бойынша атқарылатын шаруалар партияның сайлауалды бағдарламасын түзеді. Онымен праймериздің ресми парақшасынан танысуға болады.
«Партия халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру үшін жəне халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланыстырушы буын ретінде əрекет ету жолында барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз сіздерді қалалық мəслихат сайлауында дұрыс таңдау жасауға жəне «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз. Біздің бағдарламамыз қаланы кешенді дамытуға бағытталған, біз əртараптандырылған, бəсекеге қабілетті, серпінді экономикасы бар, өмір сүруге жайлы əрі қауіпсіз қаланы қалыптастыру үшін нақты шараларды ұсынамыз», - деді Б.Байбек.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы