$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2020, 03:31
Қоғам

Оралда 17 жастағы қыздан экстремистік мазмұндағы кітаптар тәркіленді

Ол кітаптарды Instagram арқылы таратқан

Оралда 17 жастағы қыздан экстремистік мазмұндағы кітаптар тәркіленді
Фото: ашық жереккөзден

Оралда әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында 17 жастағы қыздың тыйым салынған кітаптарды сататыны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық Дін істері жөніндегі басқармамен бірлесе отырып, Орал қаласының кәмелетке толмаған тұрғынынан экстремистік мазмұндағы кітаптарды тәркілеген. Жасөспірім қыз діни әдебиетті Instagram желісі арқылы таратқан. Кітаптар сараптамаға жіберілді», - дее жазылған ақпаратта.

Қыздың анасына 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Жыл басынан бері діни қызмет туралы заңнаманы бұзған 19 адам жауапқа тартылған.

Серіктес жаңалықтары