Қазан айының басында Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүруі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз болады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» 29 қыркүйек пен 1 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне ғана циклон әсер етеді. Осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады», - делінген хабарламада.  

Республика бойынша кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді деп күтіледі. Қазақстанның оңтүстік қиырында үсік жүруі мүмкін.