Қазақстанға сырттан келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді

Фото: sputniknews.kz

Қазақстанда әуе қатынасы ашылғаннан кейін сырттан келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді. 

24 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанға әуе көлігімен 2 127 адам келген. Оның ішінде авиажолаушылар саны – 2 008, экипаж мүшелерінің саны – 119.

«Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға түрлі көлік түрлерімен келетін жолаушылар бойынша жағдайды қадағалап отыр. Қазір тек екі түрі – әуе және автокөлікпен келуде. Барлығы тексеруден өтті. 479 жолаушыда ПТР анықтамасы болды. Ешкім ауруханаға жатқызылған жоқ, өйткені, Қазақстанға келгендердің ешқайсысынан вирус анықталмады», - деді Бағдат Қожахметов брифингте.