Әзірге облыс бойынша құс тұмауы Шойындыкөл ауылында ғана расталды
Құс тұмауына қарсы вакцинация Ақмола облысында басталды. Өңірге Ауыл шаруашылығы министрлігінен 510 мың доза вакцина келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні құс тұмауы облыс бойынша Шойындыкөл ауылында ғана расталды. Ауру белгілері анықталған қалған алты аудан бойынша сараптамалық зерттеу жүргізіледі. Сарапшылардың айтуынша, талдаулар ертең дайын болады.
«Нақты деректерді айта алмаймыз. Көбісі инкубаторлық тауықтарды, қаздарды ұстайды. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласы мен Көкшетау-2, Красный Яр ауылы бойынша құс тұмауының белгілері мен өлім-жітімі анықталған жоқ»,- деді Көкшетау қаласындағы ветеринарлық станция басшысының қызметін уақытша атқарушы Асқарбек Ибраев.