Түркістандағы жаңа халықаралық әуежай қандай болады?

Автор: Azattyq Rýhy

Әуежай қашықтығы облыс орталығынан 16 км құрайды

Естеріңізге сала кетейік, биыл көктемде Түркістан облысында 70 млн доллардан асатын қаражатқа шетелдік инвестор халықаралық әуежай құрылысын жүргізетіні белгілі болды. 

«Ауқымды жобаны жүзеге асыру басталды. Құрылысты жүргізу үшін, Түркияның "Yda Insaat group" АҚ компаниясы таңдалған болатын», - деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Әуе айлағын пайдалануға беру 2020 жылдың соңына қарай жоспарланған. Өткізу қабілеті сағатына 450 адамды құрайды, терминалдың ауданы 10 мың шаршы метр. Ұшу-қону жолағының параметрлері 3 300 х 45 м құрайды.