«Nur Otan» партиясы Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге көмектесті

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың дені басқа колледждерге оқуға түсіп, қалғаны жұмысқа орналасқан

Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласы тұрғындарының бірі қиын жағдайға тап болған қызына көмек беруді өтініп «Nur Otan» партиясының қалалық филиалына жүгінген. Айтуынша, қызы білім алып жатқан колледжде қаржыландырудың болмау себебінен (грант) екі мамандық бойынша топтар жабылған.

«Мән-жайды анықтау кезінде, осы жағдайға байланысты 24 студенттің далада қалғаны анықталды. Сол уақытта оқу жылы басталып, басқа университеттер мен колледждерде құжат қабылдау тоқтатылған еді. Нәтижесінде, бұл мәселе қаланың білім басқармасы арқылы студенттердің пайдасына шешілді», - делінген партияның Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қиын жағдайға тап болған 6 оқушы басқа колледждерге оқуға түссе, 1 оқушы ЖОО-ға оқуға түскен. Қалған студенттер өз қалауы бойынша жұмысқа орналасқан. Өз кезегінде қала тұрғыны көмектескені үшін партияға алғысын білдірді.