Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет
Малахов көшесіндегі учаскедегі қозғалыс жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Малахов көшесінен Саржайлау көшесіне дейінгі учаскедегі қозғалыс автокөлік құралдары үшін 21 қыркүйек сағат 19:00-ден 22 қыркүйек сағат 8:00-ге дейін толығымен жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан.