Алматыдан 418 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінді

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.8. MPV магнитудасы 4.9

«ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2020 жылғы 19 қыркүйекте Алматы уақытымен 02 сағат 55 минут 47 секундта жер сілкінісін тіркеді.  Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 418 км жерде, Қытай аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.8. MPV магнитудасы 4.9. Эпицентрдің координаттары 43.66° С. Е. 82.04° С. Д. тереңдігі 15 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (МСК-64 шкаласы бойынша) жоқ.