Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 25 қыркүйектен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарына жолаушылар пойыздары қатынай бастайды:
- 1) №37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Маңғыстаудан 26 қыркүйектен бастап, Нұр-Сұлтаннан 28 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
- 2) №41/42 «Атырау – Алматы-1» пойызы Атыраудан 26 қыркүйектен бастап, Алматыдан 28 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
- 3) №47/48 «Атырау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Атыраудан 25 қыркүйектен бастап, Нұр-Сұлтаннан 27 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
- 4) №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау» пойызы 25 қыркүйектен бастап Алматыдан және Маңғыстаудан жөнелтіледі;
- 5) №309/310 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы Маңғыстаудан 25 қыркүйектен бастап, Ақтөбеден 26 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
- 6) №313/314 «Атырау – Маңғыстау» пойызы Атыраудан 25 қыркүйектен бастап, Маңғыстаудан 26 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
- 7) №691/692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы 25 қыркүйектен бастап Ақтөбеден, 26 қыркүйектен бастап Атыраудан жөнелтіледі.
Жолаушылар санитарлық талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (кемінде 1 метр), вокзал аумағында және пойыз ішінде маска режимін қатаң сақтайды.