$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2020, 22:57
Қоғам

Алматыда карантин кезінде 60 адамға құдалық жасаған тұрғын анықталды

Мейрамхана иесіне айыппұл салынды

Алматыда карантин кезінде 60 адамға құдалық жасаған тұрғын анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласы Түрксіб ауданының мониторинг тобы «Ламази» мейрамханасында 60 адамға арналған құдалық өткізілгенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

«Алматыда 7-14 қыркүйек аралығында 39 нысан мен 83 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғаны анықталды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 16 млн 376 мың теңге. Әкімшілік сотқа 1 материал қарауға жіберілді», - деп жазылған хабарламада.

17 тамыздан бастап осы уақытқа дейін мониторингтік топтар 9 мыңнан аса тексеріске шыққан. Әкімшілік бұзушылықтар туралы 3 756 хаттама толтырылған. Өз еріктерімен 1635 нысан қызметтерін тоқтатқан. Маска режимін бұзғаны үшін 3 366 жеке тұлғаға, оның ішінде Арбат аумағында 69 адамға айыппұл салынған.

Серіктес жаңалықтары