Бір тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері елімізде 331 адам пневмониядан қайтыс болған

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, соңғы тәулікте 8 адам аталған індетті жұқтырып, 3 адам көз жұмған.

Қазақстанда 1 тамыздан бастап 29 666 адам коронавирустық пневмониямен ауырған. 26 335 адам індеттен айығып кетсе, 331 адам қайтыс болған.

Ал коронавирустан қазіргі уақытта 4 409 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 362 науқас жатыр. 2 047 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 124 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.