Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ескертті
2020 жылдың 1 қазанына дейін меншіктерінде жер телімі мен жылжымайтын мүлкі бар барлық жеке тұлғалар 2019 жылға мүлік салығын және жер салығын төлеуі керек, деп ескертеді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті.
«Жылжымайтын мүлік және жер салығы бойынша алдағы төлемдер туралы «Салық әмияны» арқылы біліңіз. «Салық әмияны» қызметінде сіз осы салықтарға есептелген сомалар туралы ақпаратты көре аласыз.
Сіз бұл деректерді және e-Salyk мобильдік қосымшасындағы ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу бойынша ашық қызметін пайдалана отырып немесе сол мобильді қосымшадағы «Салық әмияны» қызметінің жеке кабинетіндегі «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімінде көре аласыз», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сіз есептелген сомаларды екінші деңгейдегі банктердің, «Қазпочта» АҚ төлем карталары арқылы алдын ала толтырылған деректемелерді пайдалана отырып төлей аласыз. E-Salyq қосымшасын Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп аласыз.