$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.09.2020, 15:18
Қоғам

Қазан, қараша айларында өлім-жітім көбеюі мүмкін – ДДСҰ

ДДСҰ өкілі коронавирустың ықтимал екінші толқыны жайында айтты

Қазан, қараша айларында өлім-жітім көбеюі мүмкін – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге коронавирустың ықтимал екінші толқыны қауіпті болуы мүмкін екенін айтып, Еуропа елдерін барынша сақтануға шақырды.

«Жағдай күрделене түседі. Қазан, қараша айларында өлім саны көбеюі мүмкін деп болжап отырмыз», - деген Ханс Клюге.

ДДСҰ-ның мәлімдеуінше, өткен тәулікте әлем бойынша коронавирус жұқтырған 307,9 мың адам тіркелген. Бұл – пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш. 6 қыркүйекте COVID-19 вирусы анықталған адамдардың қатары 306,9 мың болған еді.

ДДСҰ-ның мәліметі бойынша, пандемия басталғалы әлемде коронавирус жұқтырған 28,6 млн адам тіркелген. Оның ішінде індеттен 917,4 мың адам көз жұмған. Қос Америка құрлығы бойынша 14,7 млн, Оңтүстік-Шығыс Азияда – 5,4 млн, Еуропа елдерінде 4,8 млн адам коронавирус жұқтырған.

Серіктес жаңалықтары