Бұл олардың өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болуы үшін жасалды
Білім бөлімі мен білім басқармалары басшыларының WhatsApp нөмірлері жарияланды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс. Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды», - деп жазды министр.