Қазақстанда жасөспірімдерге зорлық көрсеткен бір қылмыскердің үстінен 60 іс қозғалған

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыскер бүгінде жазасын өтеуде

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті.

«Биыл балаларға қатысты жасалатын қылмыстардың саны 8% өсіп отыр. Оның өзіндік себебі де бар. Мәселен, 18 жасқа толмаған жәбірленушілерге қатысты қылмыс жасағаны үшін бір адамның үстінен 60 қылмыстық іс қозғалған. Бұл да қылмыс санының артуына түрткі болып отыр. Сонымен қатар, біз өткен жылы дәрігерлерге және жабық мекемелердегі, интернаттардағы жыныстық сипаттағы фактілерді жасырғандарға қылмыстық жауапкершілік енгіздік. Осындай эпизодтардың салдарынан көрсеткіш өсіп отыр, бірақ жәбірленушілердің саны өскен жоқ», - деді ол.

Атап өтетіні, үстінен 60 қылмыстық іс қозғалған адам бүгінде 25 жылға бас бостандығынан айырылған.