Құрылыс қазан айында аяқталады деп күтілуде
Ақтау қаласының бірінші шағын ауданында тез тұрғызылатын модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы салынуда. Құрылыс республикалық бюджет есебінен жүргізілуде. Аурухана 200 төсекке есептелген және қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваның айтуынша, стационар жұмысына 300-ден астам медицина қызметкері жұмылдырылады.
«Бүгінгі таңда оттегі станциясын сатып алу мәселесі шешілуде. Қазір біз басқа мамандықтағы дәрігерлерді қайта бейімдеу үшін дайындап жатырмыз, жалпы алғанда стационар жұмысына 300 адам тартылатын болады. 120 төсекке арналған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы екі бөлек ғимаратта – 1 және 26 шағын аудандарда орналасқан. Ғимараттар шамамен 40 жыл бұрын салынған, сондықтан олар қазіргі заманғы санитарлық ережелер мен инфекциялық қауіпсіздік пен бақылау нормаларына сәйкес келмейді. Сондықтан қазір салынып жатқан жаңа инфекциялық стационар қажет», - деді Жамал Жаманбаева.
Құрылыс қазан айында аяқталады деп күтілуде.
«Пандемия кезінде облыста бір жарым мың төсекке есептелген 13 стационар орналастырылды. Облыс орталығында 700-ден астам төсек орын қарастырылған. Қажет болған жағдайда төсек қажеттілігі жабылады. Пандемия аяқталғаннан кейін кейбір төсектер бос тұруы мүмкін, бірақ оның қайталанбайтынына кепілдік болмағандықтан, біз науқастарға медициналық көмек көрсетуге дайын болуымыз керек», - деп түсіндірді Жамал Жаманбаева.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік ведомствоаралық комиссия 2,7 мың төсектік 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдады. Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, олар Алматыда, республиканың 11 облысында, оның ішінде Маңғыстауда салынатын болады.