Оның ішінде резидентурада дәрігерлерді оқытуға 300-ге жуық грант берілді
Елордада қала әкімі грантының иегерлеріне сертификат табысталды. Бұл туралы Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Биыл әкімдіктен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге 861 грант бөлінді. Резидентурада дәрігерлерді оқытуға 300-ге жуық, педагогикалық мамандықтарға - 485 грант. Аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар үшін бір жарым есе арттырдық. Грант ерекше қажеттілігі бар балаларға, жетім балаларға, аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға бөлінді Instagram-дағы парақшасында.
Оның айтуынша, бұл көмек жоғары білім алу үшін айтарлықтай қолдау болмақ.