Вакциналарды біркелкі тарату бойынша ДДСҰ-ның жаһандық альянсына тағы 76 ел қосылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі жылдың ортасына дейін COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинацияның басталуын күтпейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ДДСҰ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Ведомство өкілдері вакцинаны тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатаң тексерудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, вакциналарды біркелкі тарату бойынша ДДСҰ-ның жаһандық альянсына тағы 76 ел қосылды. Ұйым хабарлағандай, одақ елдердің вакциналарды жинамауын және халықтың ең осал топтарына екпе жасауын қадағалайтын болады. Жапония, Германия және Норвегия бастамаға қатысатынын растады, Қытаймен келіссөздер жүргізілуде.