7 қыркүйектен бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты режимде жұмыс істейді
Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
«Жексенбіде қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», - делінген әкімдік ақпаратында.
5 қыркүйекте қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді. Дүйсенбіден бастап, 7 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді. Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке маска тағып кіру керек. Жолақы тек электронды түрде төленеді.