19 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты 4 қыркүйектегі ақпаратты жариялады. Ведомствоның хабарлауынша, өткен тәулікте 89 адамның коронавирус жұқтырғаны және 481адамның коронавирус пневмониясымен ауырғаны анықталған.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 924 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 бала бар. Стационарларда 3 119 науқас жатыр. 2805 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 144 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде, 19 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Өткен тәулікте республика бойынша коронавирус инфекциясынан 6 адам, вирустық пневмониядан 4 адам көз жұмған.
Жалпы, 1 тамыздан 4 қыркүйекке дейін тіркелген науқастар саны – 26 803, өлім жағдайы - 305, барлығы 5831 адам сауығып шықты.