03.09.2020, 12:43
Қоғам
СҚО-да облыс әкімінің орынбасары қоластындағы қызметкердің жемқорлық қылмысы үшін қызметінен кетті
Дәл осындай себеппен Ақжар ауданының әкімі де қызметінен босатылды
Фото: ашық дереккөзден
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяев пен Ақжар ауданының әкімі Ербатыр Мадьяров жұмысынан босатылды. Оған қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының бұрынғы жетекшісі Батырбек Қалабаев пен Ақжар ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Құрал Досымбековке қатысты сот шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты Президент Әкімшілігімен келісімге сай СҚО әкімінің бұйрығымен, оның орынбасары Антон Федяев пен Ақжар ауданының әкімі Ербатыр Мадьяров қызметінен босатылды», - деп мәлімдеді СҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)