Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың жалпы саны 1900-ге жуықтады
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты соңғы ақпаратты жариялады. Ведомствоның хабарлауынша, өткен тәулікте 72 адамның коронавирус жұқтырғаны және 27 адамның коронавирус пневмониясымен ауырғаны анықталған.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6 973 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 бала бар. Стационарларда 3 527 науқас жатыр. 3 446 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 195 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде, 30 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.