Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу үшін еріктілер қажет – БҒМ

Автор: Azattyq Rýhy

Сынаққа COVID-19-бен ауырмаған 18 бен 50 жас аралығындағы азаматтар керек

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге еріктілер іздестіріліп жатыр. Ол үшін COVID-19-бен ауырмаған, бойында індетке қарсы антидене қалыптаспаған 18 бен 50 жас аралығындағы азаматтар керек, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетке қарсы қазақстандық вакцинаны ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген дәрілер санатына қосқан еді. Енді, орталық Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын күтіп отыр.

«Бұл тұрғыда бүгін Биологиялық проблемаларды зерттеу институты Денсаулық сақтау министрлігінің  локальдік-эпикалық комиссиясының рұқсатын алды. Келесі мерзімде институт барлық керекті құжаттарды Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырып, Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын күтетін болады», - деді ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева.