Өткен тәулікте екі адам қайтыс болды
Елімізде соңғы бір айда 292 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында барлығы 25724 COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырса, 5591 адам жазылып шыққан.
Өткен тәулікте 10 адамнан аталған қауіпті вирус анықталып, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 16 адам емделіп шыққан.
1 қыркүйектегі коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат:
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 7 379 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 30 бала бар. Стационарларда 3 811 науқас жатыр. 3 568 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.
Жалпы, науқастардың арасында 197 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.