Үш айдан бері еріктілер «Тілдер паркі» жазғы лагерін ұйымдастырды
Еріктілер жылы Жамбыл облысында волонтер-студенттер 9 бағыт бойынша 21 жобаны жүзеге асырады. Жыл басынан бері 700-ге жуық шара өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» -ке сілтеме жасап.
Үш айдан бері еріктілер «Тілдер паркі» жазғы лагерін ұйымдастырды. Тыңдаушылардың жасы шектеусіз. Студенттер мұндай тегін сабақтарды Қазақстанның ауылдарында бесінші жыл өткізіп келеді.
Айта кетерлігі, Жамбыл облысында түрлі ұйымдарда 6 мыңға жуық ерікті еңбек етеді. Олар 21 жобаны жүзеге асырады.
«Біз бұл сабақтарды Zoom және басқа проекторлар арқылы жасаймыз. Біздің өз базамыз бар, өзіміздің платформамыз бар. Осы платформа арқылы ағылшын, қазақ, француз, неміс тілдерін тегін оқытамыз. Мақсаты - мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру, ағылшын тілінің деңгейін көтеру»,- дейді «Тілдер паркі» жобасының жетекшісі Бахнұр Зиябеков.