Автобус ішіне маскасыз кіруге рұқсат етілмейді
28 тамыздан бастап қоғамдық көлік жұмысы сағат 23:00-ге дейін ұзартылады. Автобус ішіне маскасыз кіруге рұқсат етілмейді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
Еске сала кетейік, жол жүру ақысын көлік картасымен, қысқа нөмірге SMS жіберу арқылы, QR-код сканерлеу арқылы және басқа да қолма-қол төлемсіз өтеуге болады.
26 тамызда Ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды. Елдегі коронавирус жағдайын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия 31 тамыздан бастап бірқатар нысандарға қызметін қайта бастауға рұқсат етті.