Қазақстандықтардың 99%-ы жыл соңына дейін интернетпен қамтамасыз етіледі
Адамдар аз тұратын 855 ауыл алдағы үш жылда байланысқа қол жеткізбек
Жыл соңына дейін республика халқының 99%-ы дүниежүзілік желіге қол жеткізеді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенконың айтуынша, жыл соңына дейін 250-ден астам адам тұратын барлық елдімекендер интернетке кеңжолақты қатынаумен қамтамасыз етіледі. Ал адамдар аз тұратын 855 ауыл алдағы үш жылда байланысқа қол жеткізбек. Ғаламторы жоқ бұл ауылдардағы оқушылар офлайн оқытылады.
«Қазіргі уақытта 6459 елдімекеннің 4646-де интернетті қамтамасыз етудің кеңжолақты желілері салынды. Яғни, елімізде барлығы 6459 елдімекен бар, олардың үштен бірінен астамы кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Айта кету керек, бұл елдімекендерде 18,2 млн. адам тұрады, бұл халықтың 97,3% құрайды»,- деді Телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.