Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осы тақырып туралы түсіндірме берді
Мерзімінен бұрын шартты түрде босату – сотталушының бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан мерзімінен бұрын босатылуы, одан әрі жазаның өтелмеген бөлігін кезеңінде тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының профилактикалық бақылауына қойылуы.⠀
ҚР Қылмыстық кодексінің 72-бабына сәйкес, мезімінен шартты түрде босату жасаған қылмыс деңгейіне байланысты қолданылады:
Мәселен, адамды ауыр қылмыс жасағаны үшін сот 10 жылға бас бостандығынан айырған болса, ол 5 жыл жазасын өтегеннен кейін ғана шартты түрде босату жайлы өтініш бере алады.
Сондай-ақ сотталғандардың әлеуметтік осал санаттары үшін неғұрлым қысқа мерзім көзделген:⠀
Жазасын өтеуші мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш білдіргеннен кейін, 10 күн ішінде мекеме әкімшілігі сотталған адамның жазасын өтеу кезіндегі жеке басын, мінез-құлқын, еңбекке және оқуға қатынасын сипаттайтын деректерді қоса ұсына отырып, сотқа жолдайды.⠀
Шартты түрде босатылған адамды есепке қойғаннан кейін, ішкі істер органдары Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жәрдемімен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, оның қызметке келуін қамтамасыз етеді.
Еске салайық, 20 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды тапсырды.