26 тамызда Қазақстанда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі

Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстікте қатты, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде және таңертең Ақмола, Қостанай, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м / с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.