Чехия Президенті шұғыл ауруханаға жатқызылды

Автор: Azattyq Rýhy

Президент мырзаның қолына операция жасалады

Чехия президенті Милош Земан 25 тамызда қолы сынып, ауруханаға түсті, оған операция жасалады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Йиржи Овчачек мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Президент мырза бүгін кешке Прагадағы Орталық әскери госпитальда қол жарақатына байланысты ауруханаға жатқызылды. Президент мырзаның қолына операция жасалады», - деп жазды Овчачек Twitter-де.

Баспасөз хатшысы 75 жастағы президент теледидардан жаңалықтарды көргенін және көргеннен кейін тұруға шешім қабылдағанын, бірақ қауіпсіздік қызметкерлерінің көмегін пайдаланбағанын айтты. Нәтижесінде ол сүрініп, оң қолын сындырды.

Йиржи Овчачек Мемлекет басшысының өміріне қауіп төнбейтінін, туыстарымен және қол астындағылармен қарым-қатынас жасайтынын атап өтті.

Айта кетерлігі, Милош Земан ұзақ уақыт бойы аяқ ауруына шағымданады.