Қарқаралы ауданында той өткізгені үшін 16 кәсіпкерге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жиырмаға жуық кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, оның 16-сына айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» -ке сілтеме жасап.

«Тыйым салынғанына қарамастан, олар жаппай отбасылық мерекелерді өткізуді жалғастырды. Тәртіп бұзушылықты полиция қызметкерлері, прокурорлар, кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен санврачтардан құралған мобильді топ анықтады»,- делінген хабарламада. 

 «Карантин режимі әлсіреді, нысандардың көпшілігі ашық. Бірақ бұл вирустық қауіпті ұмытып кетуіміз керек дегенді білдірмейді. Мысалы, келушілердің тығыздығы көп болмауы үшін демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемеуі керек. Бірақ біз олардың есіктері ашық екенін көреміз. Заң бұзушылыққа жол бермеуіміз қажет»,- деді Қарқаралы ауданының бас санитарлық дәрігері Сәкен Сипатуллин.