TikTok әзірлеушілері Трамп әкімшілігін сотқа бермекші

Автор: Azattyq Rýhy

Дональд Трамп танымал қосымша компаниясын АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кәсіпорындар тізіміне қосқан

Қытайлық TikTok мобильді қосымшасының әзірлеушілері Ақ үйге шағымдануға дайын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Бұл туралы сервис әкімшілігі хабарлады. 

Олар жақын арада Трамптың бұйрығымен Америка Құрама Штаттарында TikTok қызметін пайдалануға тыйым салынғаны үшін талап арыз береді. 

Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп танымал қосымша компаниясын АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кәсіпорындар тізіміне қосқан. TikTok-пен бірге тағы бір қытайлық WeChat әлеуметтік желісі қара тізімге енді. Жауап ретінде компания өкілдері өз талаптарын Калифорния федералды сотына жіберді.