Қазақстанда КВИ жұқтырған үш жүзден астам адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

Жағдайы өте нашар адамдардың саны 70-ке жетіп, тағы 50 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған, осы инфекция салдарынан болатын пневмониямен ауырған үш жүзден астам адамның жағдайы ауыр халде. Бұл туралы әр дүйсенбіде өтетін дәстүрлі брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

«Қазір Қазақстан бойынша вирус жұқтырған 10 597 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 52 бала бар. Осы адамдардың арасында 5673 адам стационарда, 4924 адам үйде емделіп жатыр. 379 адамның жағдайы ауыр халде деп бағаланып отыр. Оның ішінде, 309 адам ауыр халде, 70 адам өте ауыр халде жатыр, 50 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп хабарлады баяндамасында Бағдат Қожахметов.

Айта кетейік, 13 наурыздан бері 92 598 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықса, осы індеттен 1523 адам көз жұмды.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан