Оңтүстік Кореяда COVID-19 ауруының рекордтық тәуліктік көрсеткіші тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Сеулде 800-ден астам жаңа жағдай анықталды

Наурыз айының басынан бастап COVID-19 ауруының ең жоғары тәуліктік көрсеткіші Оңтүстік Кореяда тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Сеулде 800-ден астам жаңа жағдай анықталды. Олардың барлығы ел астанасындағы шіркеулердің бірінен табылған. 

Айта кету керек, Оңтүстік Кореяда коронавирустың таралу ошақтарының көбі храмдар болып отыр. Консервативті сенушілер биліктің жаппай жиналыстардан аулақ болу туралы бұйрығына бағынудан бас тартуда. 

Ал жергілікті тұрғындар елдегі індеттің екінші толқынынан қорқады. 

«Аурудың өршуі тек ел астанасы аймағында ғана емес, сонымен қатар бүкіл елдегі 17 қала мен провинцияда тіркелді. Жағдай ауыр. Вирустың таралу жылдамдығын тоқтату үшін жеке кездесулер мен байланыстардан аулақ болу керек. Сондықтан бүгіннен бастап біз ұлттық деңгейде екінші мәрте әлеуметтік алыстау шараларын енгізудеміз», -деді Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры Чон Ын Кен.