Бір мыңнан астам тараздық жүргізуші жазаланды
Тұрақ ережелерін сақтамаған жүргізушілерге қатысты 1079 әкімшілік хаттама толтырылды

Бір күннің ішінде Таразда тұрақ ережелерін сақтамаған жүргізушілерге бір мыңнан астам хаттама толтырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Кайкармет» базарында және «Диана» СО, Б. Момышұлы мен Қазыбек би көшелерінде орналасқан аумақтарда, «Ауыл-береке» базарын және автовокзал аумағын патрульдеу барысында, атап айтқанда, көгалдарда, көппәтерлі үйлердің алдындағы балалар немесе спорт алаңдарында орналасқан көлік құралдарын қою ережелерінің сақталуын тексерді.
Тараз қаласы ІІБ бастығы полковник Асылхан Зауырбековтың айтуынша, патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабына сәйкес 1079 әкімшілік хаттама толтырған.
«Сонымен қатар, маңдай және бүйір әйнектері қараңғыланған автокөлік құралдары табылды. Олардың иелеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590.5-бабы бойынша хаттамалар рәсімделді. 2020 жылдың басынан бастап осы бап бойынша 897 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жылдың ұқсас кезеңінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабына сәйкес 1286 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді.