Ұйым басшысының айтуынша, пандемияның аяқталуына жаһандану кері әсер етуі мүмкін
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Геберейесус COVID-19 жағдайын 1918 жылғы «испан тұмауымен» салыстырып, қазіргі пандемияның қашан аяқталуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды РИА Новости.
«Біздің жағдайымызда технология көп. Байланыс көп болғанда, вирус жылдам тарайды, бірақ бізде мұны тоқтататын технологиялар бар. Дегенмен, біздің кемшілігіміз – жаһандану және өзара байланыстың көптігі. Осы жағдайларды ескере отырып біз коронавирус пандемиясы екі жылдың ішінде тоқтайды деп болжап отырмыз», - деді Гебрейесус.
Айта кету керек, ДДСҰ-ның төтенше аурулар бөлімінің техникалық топ басшысы Мария Ван Керкхове коронавирустың мутациясын зерттейтін жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мутацияның ауруға қалай әсер ететінін анықтау үшін зерттеулер жүргізу қажет.