Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш
Атырауда өткен тəулікте 902 адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Осылайша, Атырауда коронавирус індетінен жазылып шыққандар 89,8 пайызға жетті», - делінген ақпаратта.
Бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомды, симптомсыз түрімен сырқаттанған науқастардың арасында емделіп шыққандардың барлығы есепке алынып отыр. Жалпы, ел бойынша өткен тәулікте 2083 адам коронавирус індетінен жазылып шықты.
Аймақтар бойынша тізбектесек, Атыраудан кейін емделіп шыққандардың жоғарғы көрсеткішін Алматы қаласы көрсетіп отыр. Бұл қалада коронавирустан 659 адам, Ақмола облысында 156 адам сауығып шықты.