Астанада карантин кезінде базарда жұмыс істеген кәмелетке толмаған балалар анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылды

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары карантин кезінде бала еңбегін эксплуатациялау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шанхай», «Биг-Шанхай» базарларында жүргізілген рейд барысында жазғы каникул кезінде балалар еңбегін қанау фактілері анықталды. Полиция қызметкерлері базарларда сауда жасап, кафелерде жұмыс істеп жүрген оннан астам баланы тапты. Олар карантин кезінде сағат 08.00-16.00 аралығында қоғамдық орындарда жүрген», - деп жазылған хабарламада.

Балалардың ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылды. Ал кәмелетке толмаған баланы жұмысқа алған кафе иесіне 15 АЕК (шамамен 41 мың теңге) айыппұл салынды.