$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.08.2020, 05:10
Қоғам

Қарағанды-Балқаш тас жолының құрылысы 2022 жылға қарай аяқталады

Оның жалпы ұзындығы 363 шақырым

Қарағанды-Балқаш тас жолының құрылысы 2022 жылға қарай аяқталады

Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап. Ол сондай-ақ ұзындығы 150 шақырымды құрайтын Балқаш-Бурылбайтал тас жолының құрылысы туралы айтты. 

«Өздеріңіз білетіндей, «Қарағандының солтүстік-шығыс айналма жолы»жобасы аяқталды, енді біз Қарағандыдан Балқашқа дейінгі жалпы ұзындығы 363 шақырым жол құрылысы бойынша жобаны жалғастырудамыз. Жолдың төрт учаскесінде мердігерлік ұйымдар жұмыс істейді, барлық жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл жолды 2022 жылға қарай пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - дейді Әскербек Ибрагимұлы.  

Одан әрі спикер облыста ұзындығы 150 шақырым болатын Балқаш-Бурылбайтал жобасын іске асыру жалғасып жатқанын хабарлады. Бұл жобаны 2022/2023 жылға қарай аяқтау жоспарлануда.

«Қалалар мен аудандардың жергілікті жолдарына келер болсақ, биыл жалпы ұзындығы 1200 шақырым болатын Қарағанды облысының аудандық жолдары мен көшелерін жөндеуді жоспарлап отырмыз. Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Біз бұл жобаларды ауа-райы жағдайы жақсарған сайын бірден жалғастырамыз. 2020 жылдың соңына дейін жоспарланған жобалар аяқталады», - деп хабарлады Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов.

Серіктес жаңалықтары