Маңғыстауда тұрғындар облыс әкімдігінің алдына жаппай жиылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қызметкерлер жалақы төлеуін талап етті

Желіде Маңғыстау облысының әкімдігі ғимаратының жанында коммуналдық қызмет жұмысшылары мен көгалдандырушылардың жаппай жиналуының видеосы пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Лада»-ға сілтеме жасай отырып.

14 тамыз, жұма күні ондаған адам оларға жалақы төлеуді талап етті. Алдын ала мәліметтер бойынша, коммуналдық қызметкерлерге шілде айында жалақы беру кешіктірілген. Жиналғандар ақша алғанға дейін жұмысқа шығудан бас тартатындарын мәлімдеді. Кейін жағдайды «Қала жолдары» ЖШС өкілдері түсіндірді. Коммуналдық кәсіпорынның баспасөз қызметі қызметкерлердің жалақы алғанын хабарлады. 

Компания адамдар қайтадан жұмысқа кіріскенін атап өтті. 

«Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қала жолдары» ЖШС және «Атамекен» ҚБ қызметкерлерінің жалақысын кешіктіру мәселесі оң шешімін тапты. Қазіргі уақытта жұмысшылар жұмысқа кірісті»,-деді баспасөз қызметі.

Осы жылдың мамыр айында «Қала жолдары» компаниясының аула сыпырушылары жаңа басшының әрекетіне шағымданып, оны Гитлермен салыстырды. Адамдардың айтуынша, оларды көгалдандырумен айналысуға, суару үшін траншеялар қазуға, қар жинауға және олардың міндеттеріне кірмейтін басқа да коммуналдық жұмыстар жасауға мәжбүрлейді. Сол кезде «Қала жолдары» ЖШС басшылығы аула сыпырушылардың барлық айыптарын жоққа шығарды.