$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2020, 23:10
Қоғам

СҚО дәріханаларында дәрі-дәрмек жетіспейді

Маска бағасын көтергендер айыппұл төлейді

СҚО дәріханаларында дәрі-дәрмек жетіспейді

Солтүстік Қазақстанның дәріханаларында әлі де дәрі-дәрмек жетіспейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Мамандар мұны жергілікті өндірушілер олардың шығарылуын тоқтатқандығымен түсіндіреді. 

Қытайдан да дәрі-дәрмек жеткізу уақытша тоқтатылған. Мобильді топтар термометрлердің тапшылығын анықтады, сондай-ақ маскалар бағасын көтеру фактілерінің жолын кесті. Осы тексерулердің нәтижелері бойынша тәртіп бұзушылар ірі айыппұл төлейді. 

«Мониторинг нәтижелері бойынша дәріханаларда дәрілік заттардың кейбір атауларының болмауы бойынша проблемалық мәселелер анықталды. Алынған мәліметтерді зерделеу барысында Тимирязев ауданында парацетамол мен аспирин жоқ екендігі, Шал ақын ауданында аталған дәрілердің минималды көлемде бар екендігі анықталды»,- деді Экономикалық тергеу департаменті басқармасының аға тергеушісі Абыласан Құрбанов.

Серіктес жаңалықтары