Полиция Нұр-Сұлтан тұрғындарын ескертті
Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді көктайғаққа байланысты сақ болуға шақырды
Елорданың Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді көктайғаққа байланысты сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ауа райы жағдайының нашарларуы мен температураның төмендеуіне байланысты жолда сақ болуларыңызды сұраймыз. Жаман ауа райы көлікті жүргізу мәнеріне тікелей әсер ететіні және сақ болуды талап ететіні бәріне белгілі. Қар жаууы көлік жүргізуді қиындатады, демек апатқа ұшырау мүмкіндігі жоғарылайды.
Сондай-ақ, көру мүмкіндігінің шектелуін, метеорологиялық жағдай мен ашық автожолдарда бүйірден соққан желдің екпінін ұмытпау керек. Бұл фактордың бәрін жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де ескеруі қажет», – деді полициядағылар.
Полиция департаментінің мәліметі бойынша, 3-4 қарашада елордада 90-нан аса жол-көлік оқиғасы тіркелген.