«Бұл – арзан»: қазақстандықтар интернеттің тарифі үшін айына орта есеппен 10 доллар төлейтіні белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы бүгін цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлім еткен

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қазақстандықтардың ай сайын тарифке неше теңге төлейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Қазақстандағы мобильді интернет әлемдегі орташа бағадан үш есе арзан.

«Қарашадағы рейтингте Қазақстан интернеті жылдам 55 елдің арасында мобильді интернет тарифінің арзандығы жағынан 7-ші орында тұр. Елімізде мобильді байланыстың орташа тарифі айына шамамен $10. Əлемдік орташа көрсеткіш – $27», - деп мәлім еткен Мәдиев.

Министр сондай-ақ өз баяндамасында интернет-трафик өсіп келе жатқанын, тарифтер халыққа қолжетімді, ал байланыс саласы инвесторлар үшін тартымды болып қалуы тиіс екенін атап өткен.