Перзентхана құрылысы және жас дәрігерлерді қолдау: Вероника Масимова «Алау» ұжымымен кездесті

Автор: Бақыт Шынар

Алматы ауданында 250 орындық перинаталдық орталық ашу туралы ұсыныс айтылды

Фото: партия филиалының баспасөз қызметі

«Әділет» партиясының тізімі бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Вероника Масимова «Алау» қызметкерлерімен кездесті. Ол партияның денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстарын таныстырып, қала бюджетін қалыптастыру кезінде тұрғындардың пікірін ескерудің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партия филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Масимова Қарағандыда білім алып, кейін Астанаға көшіп, осында отбасын құрғанын айтты. Ол мәслихатқа сайланса, қала тұрғындарының мүддесін қорғап, ұсыныстарын әкімдікке жеткізуді және олардың қалаға қатысты шешімдер қабылдағанда ескерілуіне ықпал етуді көздейді.

Кездесуде Алматы ауданында 250 орындық перинаталдық орталық, Сарыарқа ауданында 200 орындық акушерлік блок салу және № 2 көпбейінді балалар ауруханасын жаңғырту ұсыныстары айтылды.

Бағдарламада медицина қызметкерлеріне жатақхана салу және денсаулық сақтау саласында 1800 жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген. Масимованың айтуынша, жұмыс берушілер тәжірибе талап ететіндіктен, түлектерге алғашқы жұмысын табу қиынға соғады. Сондықтан жаңа медициналық мекемелерді ашпас бұрын онда кім жұмыс істейтінін және жас мамандардың қайда тұратынын ойластыру қажет.

«Егер сайлансам, кейін сіздер «біз бұл кісіні білеміз, кездесуде көрдік. Мынадай уәде берген еді, міне, соны орындады», - деп айта алсаңыздар екен деймін. Баршаңызды сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырамын», — деді Вероника Масимова.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.