Ал әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 200 пайыз өседі деген болжам бар
Денсаулық сақтау министрлігі 28 қазан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмасын орындау мақсатында дәрігерлердің жалақысын өсіретін құжат әзірлеп, оны талқылауға шығарды, деп деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған қаулының жобасына сай, Денсаулық сақтау министрлігі жалақыға қатысты мынандай ұсыныстарын жариялаған:
Оқи отырыңыз: Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмасынан кейін жалақысы өсетін және өспейтін дәрігерлер кім: ДСМ өкілі жауап берді
«2027 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек учаскелік қызметінің медициналық қызметкерлерінің, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек учаскелік қызметінің психологтары мен әлеуметтік қызметкерлерінің жалақысы артады», - деп жазылған қаулының мәтінінде.
ДСМ жазғандай, ұсынылған шаралар атаулы сипатқа ие және ең алдымен халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін тікелей қамтамасыз ететін қызметкерлерді тұрақтандыруға бағытталған. Оларды іске асыру кадрлардың тұрақсыздығын азайтуға, кадр тапшылығын қысқартуға, пациенттерді бақылау сабақтастығын қамтамасыз етуге және қолданыстағы мамандарға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.