«Бақұл болыңыз, апа...»: Құрылтай депутаты атақты ақынның өмірден озғанын хабарлады

Автор: Бақыт Шынар

Әсия Беркенова 77 жасына қараған шағында дүниеден озған

Фото: kstnews.kz

Қазақстанның халық ақыны, айтыскер, мәдениет және білім саласының үздігі Әсия Беркенова 77 жасына қараған шағында дүние салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның қазасын Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжан естіртті.

«Қазақстанның Халық ақыны Әсия Беркенова 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Әсия Әйіпқызымен атамұра өнеріміздің бүтін бір дәуірі кетіп барады. Барша әріптестеріне, ағайын-туыстарына, шәкірттеріне, артындағы ел-халқына қайғырып көңіл айтамыз. Бар ғұмырын Қазақтың өнері мен мәдениетіне арнаған асыл жанның бейнесі жанымыз барда жадымызда сақталады. Бақұл болыңыз, апа…», - деп жазған Әшімжан жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Әсия Беркенова 1950 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданында туған. Танымал айтыскер ақын. Қазақстанның халық ақыны, Қостанай өңірінің құрметті азаматы және мәдениет пен білім саласының үздігі.