Алматы дәрігерлері 4-қабаттан құлап кеткен әйелді 18 күнде аяғына тұрғызған

Автор: Бақыт Шынар

Әйел ауруханаға ауыр күйде түскен

Фото: Алматының денсаулық сақтау басқармасы

Алматыда төртінші қабаттан құлап кеткен әйел 18 күн дегенде үйіне оралды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, науқасты травматолог-ортопедтер Дәулет Чукманов пен Нұржан Нұралы, анестезиолог Асхат Қасымұлы аяғына тұрғызған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, әйел 4-қабаттан құлап кеткен. Жедел жәрдем оны ауыр хәлде ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер бірден күрделі ота жасаған.

«Ауруханаға түскен кезде науқас екінші дәрежелі комаға түсіп, қан қысымы күрт төмендеген, жарақаты ауыр болған. Жамбасы сынып, кеуде тұсы ауыр жараланған. Травматолог-ортопедтер Дәулет Чукманов пен Нұржан Нұралы оның жамбас сүйегін бекіткен. Операцияға анестезиолог Асхат Қасымұлы көмектескен», - деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Осындай күрделі ота мен жүйелі емнің арқасында науқас 18 күннен кейін үйіне оралған.