Үкімет қысқа дайын ба: биыл Қазақстанда 5,8 млн тонна көмірдің қоры жинақталған

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы үкіметте Энергетика министрі мәлімдеді

Фото: үкімет

Бүгін, 10 қараша күнгі Үкімет отырысында премьер мен оның орынбасарлары, министрлер мен облыс әкімдері Қазақстандағы жылу беру маусымына дайындықты пысықтады. Алғаш болып баяндама жасаған Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов көмір қоры туралы есеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Оның айтуынша, үкімет арзан бағадағы мазут қорын да молынан жинап, оны қыркүйектен бері аймақ-аймаққа таратып жатыр.

«Энергия көздерінің отын қоймаларында 5,8  млн тонна көмір және 137 мың тонна мазут жинақталды. Барлық станцияға отынның нормативті қорын жеткіздік», - деп хабарлады ол.

Ақкенженовтің айтуынша, Энергетика министрлігі 255 мың тонна «арзан» мазутты аймақтарға жеткізу кестесін жасап, оны қыркүйектен бері таратып жатыр.